дереккөз

Мүгедек деп танылуы үшін қандай негіздемелер болу керек? Мүгедек деген кім? Менің бірнеше ауруым бар, маған неге мүгедектік берілмейді? Мүгедектікті рәсімдеу тәртібі қандай? Мүгедектер өз құқығын қайдан біле алады? Мүгедектікті рәсімдеу үшін қандай құжаттар керек? Осы сияқты қоғамда, халық арасында кең таралған сауалдар көптеп қойылып жатады.   Алайда, «сырқат адам» мен «мүгедек адам» арасындағы айырмашылықты ажырата білу қажет.

Мүгедек – бұл ауру немесе жарақат салдарынан болатын ағза функцияларының, жүргізілген емдеу шараларына қарамастан тұрақты бұзылып, тыныс-тіршілік ету әрекеттерін шектейтін, әлеуметтік көмекке мұқтаж адам. Яғни, бұл тек медициналық қана емес, сондай — ақ,  әлеуметтік көмекке мұқтаж адам. Мүгедек адам ұзақ уақыт емделуіне қарамастан қоғамда еркін өмір сүре алмайтындай физикалық, психикалық және басқа да қиыншылықтарға тап болған адам болып табылады. Сондықтан, кез келген сырқат түрі мүгедектікке негіз бола алмайды.

Мүгедектікті қалай рәсімдеуге болады және оның негіздемесі қандай?

Науқас адам мүгедек деп танылуы туралы шешімді медициналық әлеуметтік сараптама бөлімі (бұдан әрі — МӘС) арнайы сараптамадан кейін қабылдайды. Медициналық сараптамадан өту үшін қажетті құжаттар:

  Медициналық ұйымның жолдамасы, дәрігерлік-консультациялық комиссиясының (бұдан әрі – ДКК) жолдамасы:

1) организм функциялары тұрақты бұзылған кезде алғаш куәландыру;

2) қайталап куәландыру (қайта куәландыру);

3) медициналық ұйымдардың дәрігерлеріне консультациялық көмек көрсету мақсатында МӘС жүргізу үшін негіздеме болып табылады.

ДКК жолдамасымен МӘС бөліміне жолыққан адам куәландырудан өтеді. Куәландыру – оңалту әлеуеті мен болжамын белгілей және ескере отырып, МӘС жүргізу.

Куәландыру (қайта куәландыру) тәртібі:

Куәландырылатын (қайта куәландырылатын) адамға МӘС медициналық ұйымның ДКК жолдамасына сәйкес:

1) тұрғылықты (тіркелген) жері бойынша;

2) тиісті өңірдің МӘС бөлімдерінің және (немесе) МӘС әдіснама және бақылау бөлімдерінің орналасқан жерi бойынша;

3) стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында емдеуде болған жері бойынша;

4) түзеу мекемелерінде және тергеу изоляторларында жүргізіледі.

  1. Куәландыру (қайта куәландыру) осы Қағидалардың
    1-қосымшасына  сәйкес нысан бойынша мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеуге және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындауға арналған өтініш бойынша мынадай құжаттар ұсыныла отырып жүргізіледі:
      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пациентті/мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының медициналық бөлігінің көшірмесін (бұдан әрі – ОЖБ-ның медициналық бөлігі) қоса бере отырып, онда көрсетілген жіберу күнінен бастап бір айдан кешіктірмей «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдама (бұдан әрі – 088/у нысан); Өтініш және берілген тізім.

Осы құжаттарды негізге ала отырып, МӘС бөлімі мамандарының бақылауынан кейін тұлға мүгедек деп танылады. Сәйкесінше мүгедек тобын растайтын анықтама және қажет болған жағдайда ЖДБ көшірмесі мен еңбек қабілетінен айырылу туралы көшірмесі тағы беріледі. Осылайша мүмкіндігі шектеулі азаматтар мемлекет тарапынан көрсетілетін бұл қызмет түрін ала алады.

Мүгедектік тағайындау барысында басшылыққа алынатын нормативтыік — құқықтық құжатқа  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығы негізге алынады.

 

А.Еңсебаева, №6 МӘС бөлімінің бас маманы.                 

 

 

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK