«Өркен» спорт кешенінің бассейн залында суда жүзуден жарыс өтті. Сайысқа 7 әскери бөлім қатысты, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz
№21 751 әскери бөліміннің ұйымдастыруымен болған дода тартысты өрбіді. Қатысушылар 100 метр қашықтыққа жүзіп, судағы жылдамдықтарын сынап көрді.
Жарыс қорытындысы бойынша, № 18 404 әскери бөлімі үздік нәтиже көрсетіп, бас жүлдені ұтып алды. Ал, № 48 386 әскери бөлімі екінші орынды иеленсе, үздік үштік 21 751 әскери бөліміне бұйырды.
Жүлдегер командалар қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің мадақтама қағаздарымен, медальдармен және кубоктарымен марапатталды.
