«Жасыл ел» жұмысы нәтижелі

185
Фото авторы А.Нұршанов

2005 жылы  Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жұмысын бастаған «Жасыл ел» бағдарламасының  қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті арттыру,  жастардың жаз мезгіліндегі бос уақыттарын тиімді пайдалануына ықпалы зор. Облысымыздың, шаhарымыздың тазалығы, көгалдануы жолында жасылелдіктер ауқымды жұмыс атқарды. «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының XV еңбек маусымы нәтижелі  қорытындыланды.

Фото авторы А.Нұршанов

2013-2017 жылдар аралығында қатарынан «Үздік штаб» атанып, 2016 жылы «Үздік жасақ», «Үздік жоба», 2018 жылы «HERO Jasyl el» номинациясына ие болған болатын. Республикалық көрсеткіш бойынша үздіктер қатарында болған жерлестеріміз бұл жолы да «Jyl serpini», «Uzdik jasak», «Uzdik #TrashtagKZ», «Uzdik sarbaz» сынды бірқатар  аталымдарды иеленді.  «Жасыл ел» ЖЕЖ  республикалық штабының Алматы облыстық филиалының жетекшісі Мейіржан Молдағалиев «ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі республика деңгейінде бірнеше жыл қатарынан үздіктер қатарында болғанымызды ескере отырып, 1875 жасты жұмыспен қамтуға қаражат бөлген болатын. Үнемдеу нәтижесінде  1911 жас қызмет етті. «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының қатарында еңбек етемін деген жастардың қатары жыл сайын артып келе жатқанын аңғаруға болады. Жұмысқа орналасқан 1911 жастың 297-і жоғарғы оқу орындарының, ал, 672-і кәсіптік техникалық білім беру орындарының білімгерлері, 489 – мектеп оқушысы, 453 — жұмыссыз жастар болды. Сондай-ақ, 384 — көпбалалы отбасынан шыққан жасөспірім, 206 — әлеуметтік жағынан аз қамтылған, 102-ата-ана қамқорлығынсыз қалған жасақшы еңбек етті»-деді. Айта кетейік, жасақшылардың көмегімен облыс төңірегінде  экологиялық, денсаулық пен рухани сананы дамытуға бағытталған спорттық, мәдени іс-шаралар, қайырымдылық, тазалық акциялары сынды 130 шара ұйымдастырылып, оған жеті мыңнан астам жас белсене қатысты.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK