«Otenay Fest» батпырауық ұшыру фестивалі өтті

94
Фото авторы А.Нұршанов

Жастар жылы аясында Өтенай ауылдық округтік  әкімдігінің ұйымдастыруымен тұңғыш рет «Otenay Fest» батпырауық ұшыру фестивалі өтті.

Фото авторы А.Нұршанов
Фото авторы А.Нұршанов

Өтенай ауылдық округінің әкімі Ерлан Жетібаев «Жастар  — еліміздің басты байлығы және  болашағы. Сондықтан оларға үлкен үміт артылып отыр. Құрметті жастар! Сіздер үшін өткізіліп отырған шара әрбіріңізге ерекше естен кетпес әсер сыйлайтынына сенемін. Білімді де білікті, еңбекқор,  көк Туымызды желбіретіп, ел мерейін асқақтатар жас ұрпақ болашақтарыңыз жарқын болсын»-деп қатысушы 300-ге жуық мектеп оқушыларына сәттілік тіледі. Шара барысында сұрақтар қойылып, белсенділік танытқан жастарға естелік сыйлықтар табыс етілді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK