Бір күні Қожанасыр үйінде шыбын өлтіріп жүріпті. Біраздан соң ол әйеліне: – ­Мен төрт шыбын ұрып өлтірдім. Оның  екеуі – еркек, екеуі – әйел екен, – депті. Таңданған әйелі: — Қожеке сен олардың қайсысы еркек, қайсысы әйел шыбын екенін қайдан білдің?, – деп сұрапты. Сонда Қожанасыр: — Өйткені, екі шыбын айнаның алдында отыр екен, — деп жауап беріпті.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK