Талдықорғанда өткен жылы қаңғыбас ит-мысықты аулап, жоюға 7,3 млн теңге бөлінген

696
ғаламтор

Былтыр Талдықорған бойынша 2538 қаңғыбас ит пен 171 мысық ауланып, жойылған. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 7,3 млн теңге бөлініп, ол толықтай игерілді деп хабарлайды Талдықорған онлайн қалалық Ветеринария бөліміне сілтеме жасап.

Бөлім басшысы Нұртас Қиялбековтың айтуынша, былтыр талдықорғандықтар тарапынан 1103 сұраныс түсіп, ол толық қанағаттандырылды. «Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтар арнайы құрылған комиссия мүшелерінің шешімі бойынша мал қорымында көзі жойылады. Ит-мысық аулау үшін Талдықорған қаласының ветеринариялық станциясының  8/72-82/-40-12-63  телефонына хабарласып, тапсырыс беруге болады» дейді мекеме басшысы.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK