дереккөз

Кітапханашы күні –  сол сала қызметкерлерінің ғана емес, ол оқырмандардың да мерекесіБіздің Талдықорған қаласының мектептерінде  жұмыс жасайтын кітапханашылар газет пен  оқырман арасындағы алтын көпір деуімізге толық негіз бар.  Сондықтан да, кітапхана — оқырман мен руханият арасын жалғап,  ұлттық құндылықты насихаттаушы  мамандық иелерін топтастырушы.

Жалпы алғанда  қалада 28 білім ошағы бар. Оларда 28 мыңдай бала оқып, білім алса, олардың бәрі кітапхана оқырмандары. Шаһарымыздың  әрбір  мектебінің  өз кітапханасында қызмет жасайтын кітапханшысы бар. Бала саны көп білім ошақтарында екеуден жұмыс жасайды. Кітапханашылар күні қарсаңында кітапханшы болып,  алды  30-40 жылдан еңбек етіп келе жатқан кітапханашылардың еңбегіне тоқтала кеткенді жөн көрдік.

Жастарды кітап оқу мәдениетіне баулып, тәрбиелейтін, талғам таңдауға, әдебиетті іріктеуге көмек көрсететін кітапханашылар атына айтылар сөз легі толастамайды.  Осынау  кітапханашылардың көшін     №4 орта мектеп кітапхана меңгерушісі Айгүл Есболатова бастап тұр.  Себебі, Айгүл Далдашқызының  жалпы еңбек өтілі  41 жыл болса, аталмыш білім ордасында 17 жылдан аса қызмет етеді. Облыстық, қалалық  білім басқармасы мен бөлімінің  Құрмет грамотасы ,қалалық  мәслихаттың  Құрмет грамотасының иегері.

 №2,6, 27  білім ошақтарындағы   кітапхана меңгерушілері  Жұмакүл Құсайынова,  Раушан Жамбулбаева мен  Сәуле Төлеубекованың  осы  салада табандап еңбек етіп, талай  белесті бағындыруда.

Сондай-ақ, Бақтыбай  Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп лицейінің кітапхана меңгерушісі Ботаева Мария Данабатшақызы жоғары санаттағы білікті  маман болуымен қатар жеткен жетістіктерінің өзі ауыз толтырып айтарлықтай. Мәселен, Білім беру –әдістемелік орталығы  ұйымдастырған «Мен — кітапханашымын» байқауында   ІІ -дәрежелі диплом , Білім беру –әдістемелік орталығы «Ұлттық жаңғыру – туған жер тұтастығы мен ел болашағының негізі» байқауында    бірінші дәрежелі диплом  алып, абыройы асқақтады.  Сонымен қатар, қалалық білім бөлімінің «Үздік кітапханашы — 2018» байқауы   мадақтама, республикалық қашықтық  интернет- байқауынан «Кітапханашы – педагог — 2019» І- дәрежелі дипломды алған  кәсіби мамандық иесі. №22 орта мектептен Искакова Анния  Иембергенқызы   рухани қазынаның ортаймауына қызмет жасап келеді.  Ал №12 ОМГ кітапхана меңгерушісі Елена Туянфо  жоғары санатты білікті маман. Ол бірнеше байқаудың қатысушысы.  «Казахстан, который мы знаем»  атты халықаралық байқауда  1- дәрежелі диплом, Білім беру – әдістемелік орталығының ұйымдастырған  «Мен — кітапханашымын» байқауында екінші орын иеленді.Талдықорған қаласының білім бөлімінің  «Үздік кітапханашы — 2018» байқауында  ІІ орын, республикалық қашықтық  интернет- байқауынан «Кітапханашы – педагог — 2019»  аталымында    ІІ дәрежелі дипломды жеңіп алды. Сондай-ақ,  №16 орта мектеп – гимназиясы   Салтанат Раева,  Шоқан Уәлиханов атындығы №10 орта мектеп – гимназиясы  Салтанат  Қаспақова, Е.Берлікожаұлы  атындағы  №11 орта мектеп кітапханасының  меңгерушілері Бақытгүл Кебекбаева  өз істерінің майталмандары. Осы салады ұзақ та жемісті қызмет жасап келеді.

Осынау қызығы мен қиындығы мол кітапханашы мамандығы туралы бір ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес. Оның көпшілік біле бермейтін, бірақ оқырманның кітап жайлы бағыт-бағдар алуы үшін жан-тәнімен беріліп қызмет атқарып жатқан кітапханашылар еңбегі ұшан-теңіз. Біздің кейіпкеріміз атанған әрбір кітапханашы заман ағымына қарай өздері бағдарламашы, технолог, мәліметтер базасының әкімгері секілді әмбебап мамандық иелері. Ал кітапхана- ғасырдан-ғасырға адамзат тарихының керуенін сүріндірмей әкеле жатқан шырағы биік парасаттылық пен білімділіктің киелі ордасы.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK