Суретті түсірген Айдын Нұршанов

ҚР Үкіметінің қаулысымен, 10 қазан- Қазақстан кәсіподақтары күні деп бекітілген еді. Осы мерекеге орай Талдықорған қаласындағы Оқушылар сарайында шара ұйымдастырылды. «Алматы облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Әсет Қыдырманов   еңбек ардагерлері мен кәсіподақ мүшелерін мерекемен құттықтады.

«Кәсіподақ әрқашан жұмыс жасап, еңбек етіп жатқан азаматтардың еңбек және әлеуметтік-экономикалық негізін қорғайтын ұйым.Аймақта 1054 бастауыш ұйымның  басын қосқан 12 салалық кәсіптік одақтар бар. Бүгінгі таңда Алматы облысынң кәсіподақтар орталығы облыстағы қоғамдық кеңес, мәслихат отырыстары, дағдарысқа қарсы штаб, жұмыскерлерге квота бөлу, жастар саясаты, кәсіпкерлікті дамытудағы еңбек қатынастарын реттейтін комиссиялар құрамында өз жұмысын жалғастырып келеді. Тікелей кәсіподақтың араласуымен 2017 жылдан бастап архив қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетудің арқасында 25 пайыздық үстемақы төлене бастады.  Келесі жылдан бастап мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысы көбейтілмек. 2018 жылы кәсіподақтардың ұсынысымен және әлеуметтік әріптес облыстық әкімдіктің қолдауымен облыстың мектеп мұғалімдері  мен балабақша  тәрбиешілері, техникалық қызметкерлерге жыл сайынға медициналық тексерістен тегін өтуге қол жеткізілді. Бұл мақсатқа бюджеттен арнайы 130 млн. теңге бөлінді. Бұл қаражат биыл 180 млн. теңгені құрады. «Келешек» жастар кеңесі бүгінде республикаға танымал. Олар Арыс қаласында болған жағдайға байланысты «Біз біргеміз» деп ұран тастап, акцияға белсене қатысты. Баршаңызды кәсіподақтар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Табысты еңбек пен мықты денсаулық тілеймін»,-деді Әсет Серікқалиұлы.

Салтанатты  жиында Алматы облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Мұрат Мәдіғұлов кәсіподақ мүшелеріне арнайы марапат табыстады.

Халқымыз әрқашан үлкенін құрметтеген. Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Келешек» жастар кеңесі  ардагерлерді құттықтап, сый-сияпат ұсынды.

Мерекеге орай  мемлекеттік қызмет, білім, медицина, «Қазпошта», мәдениет, өндіріс  саласында қызмет жасап жүргендердің бір тобы марапатқа ие болды.  «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы » облыстық филиалының төрайымы С. Ахмадиева мүшелерді  құттықтап, арнайы төсбелгі мен Құттықтау хаттарын берді.

Денсаулық саласының құрылғанына көп болмаса да  тындырымды істері баршылық. Жас дәрігерлерді ынталандыру мақсатында істер атқаруда.   «Сенім» денсаулық сақтау жүйесі кәсіптік одағы облыстық филиалының төрағасы А. Исаев қызметкерлерге тұрғын үй сертификатын және де өзге марапаттарды тапсырды. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауынды үкіметтік емес ұйымдардың беделін арттыру қажеттілігі атап өтілді. Ендеше, еңбек адамының мүддесін қорғайтын, олардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жұмыстар кәсіподақ ұйымынан да табыла берері сөзсіз. Жалпы атаулы күнге орай кәсіподақ қозғалысының белсенділері ҚР Президентінің алғысымен, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төс белгісімен, Алматы облысы әкімінің Құрмет  грамотасымен марапатталды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK