Талдықорғанда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында көп пәтерлі 22 тұрғын үйдің құрылысы басталды. Аталмыш жоба қаланың Шығыс шағын ауданында жүзеге асырылуда, — taldykorgan-online.kz

Көпқабатты тұрғын үйлер бой көтеріп бұл жатқан аумақ ендігі де «Шаттық» ықшам ауданы деп аталады. Нақтырақ айтсақ, жаңа аудан І.Жансүгіров көшесінің оңтүстігінде, Қарағайлы көшесінің батысында, Қаратал өзенінің шығысында орналасқан. Қала күні мерекесінде шаһар басшысы Ғалымжан Әбдірайымов мұндағы алғашқы үйдің бірінші кірпішін қалап, игі бастамаға сәттілік тіледі.

Айта кетейік, бой көтеріп жатқан 22 тұрғын үйдің барлығы 5 қабаттан тұрады. Кешеннің жалпы ауданы 72 931,1 ал, пәтерлердің жалпы ауданы 45 592,8 шаршы метр. Мұндағы 726 пәтердің 198-і – 1 бөлмелі, тағы 198-і – 2 бөлмелі, 264-і – 3 бөлмелі және 66 пәтер 4 бөлмелі болып келеді. Сондай-ақ, автотұрақ 310 автомобильге арналған. Жоспар бойынша, тұрғын үйлердің құрылысы 2022 жылы аяқталады.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK