дереккөз

Елбасының бастамасымен іске асыруға бағытталған «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында  Талдықорған мемлекеттік архивінде  «Архивтер сөйлейді» жобасы қолға алынған еді.  Қала күніне орай   «Архив пен ардагер» атты  өткен  шарада  қатысушылары мұндағы  көрмені тамашалады. Тіпті архив қоймасын да  аралады.

Шараға Алматы облысы мәдениет,  архивтер және құжаттама басқармасы мамандары, Талдықорған қалалық «Жетісу» мешітінің бас имамы, қалалық ардагерлер, архив ардагерлері, тарихшылар, БАҚ өкілдері  қатысты.

Архив пен ардагердің басын қосқан  шарада Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бас маманы Алеся  Ахметжанова, Талдықорған мемлекеттік архивінің директоры Гүлжихан  Истамбекова, Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорын пайдалану және ғылыми анықтамалық аппарат бөлімінің басшысы Кенже  Канапиянова, мешіттің бас имамы Болат Сағынғалиұлы, Талдықорған мемлекеттік архивінің жеке тектік қор иесі, ақын, қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Айтмұханбет Ерасылұлы сөз сөйлеп, өлең оқып, баяндама жасады.

Сонымен қатар  белгілі әнші,  Қазақстан Республикасы Мәдениет қайраткері, Қанабек Байсейітов атындағы саз колледжі дәстүрлі ән бөлімінің меңгерушісі Абылайхан  Қармысов  әсем әннен шашу шашты.

 «Архив – құнды деректер қоймасы»  атты көрме  көрермендер көңілін шықты.  Ал архив қоймасына шолу барысында   жеке тектік қор иелерінің архивтік құжаттардың екі ғасырдағы түпнұсқасы мен көшірмесі, қолжазбалар, газеттер,  әдебиеттер, сөздіктер мен оқулықтар және ең көне 1850 жылғы шіркеу құжаты мен 1944-1979 жылдардағы Талдықорған бейнесі қонақтар назарына ұсынылды.

 Облыс орталығы атанған Талдықорған өткені мен бүгіні әрдайым сабақтасып жатыр. Өткенсіз келешек жоқ.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK