«Алпамыс» -балалардың бақыт мекені

641
Айдын Нұршанов

Жаңа жылдың қарсаңында Талдықорған қаласы орталығанан «Алпамыс» балабақшасы ашылды.Бөбекжайдың ашылу салтанатына қала әкімі Бағдат Қарасаев, қалалық мәслихат хатшысы Қ. Бұлдыбаев  және  тұрғындар, тәрбиеленушілер, ата-аналар қатысты.

Қала әкімі тұрғындардың  қуанышын бөлісті. Бұл  мемлекеттік- жекеменшік әріптестік негізінде бой көтерген 40-шы балабақша екендігін атап көрсетті.

Бүгінгі күні Талдықорған қаласы бойынша 64 мектепке дейінгі  тәрбие ошақтары жұмыс жасайды. Оның 16-сы мемлекеттік, 40-ы жекеменшік, 8-і мектеп жанынан ашылған шағын орталықтар. Жалпы мектепке дейінгі тәрбиемен 8018 бала қамтылған. Бүгінгі күні 3-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамту  95,7% құрайды.

Қадамдық жоспарға сәйкес  өткен 2017 жылы мемлекеттік тапсырыс орналастыру негізінде 5 жекеменшік балабақша және  25 орынға қосымша 1 топ ашу жоспарланған. Нәтижелі жұмыс табысты аяқталды.Бұл ретте, кәсіпкерлерге ризашылығымды білдіремін. Бала тәрбиесі- өте маңызды. Бүлдіршіндердің дені сау болып, аман-есен өсе берсін.  Жаңа жыл құтты болсын,-деді шаһар басшысы өз сөзінде.

 Салтанатты шарада балабақшаның құрылтайшысы М. Есжанқызы, ата-аналар атынан  Р. Ақперлинова ізгі тілектерін білдірді.

 «Маржан» ЖК негізіндегі «Алпамыс» бөбекжайы  75 балаға лайықталып ашылды.  Балдырғандар  үш тілде  білім негіздерімен сусындайды.

 Жиналғандар балалар өнеріне риза болды. Қала әкімінің қолынан тәрбиеленушілер сыйлық алды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK