Талдықорғанда халықаралық инвестфорум өтті

46
Дереккөз

Алматы облысында «Jetisu Invest-2019»: «Қаржы құй. Өмір сүр. Саяхатта» атты кәсіпкерлік, инвестициялар мен инновациялар халықаралық форумы өтті. Шараға әлемнің 7 мемлекетінен арнайы келген елшілер, атақты бизнесмендер, ірі трансұлттық және отандық компаниялардың, мемлекеттік құрылымдардың, қаржылық ұйымдардың өкілдерінен құралған делегаттар қатысты.

Дереккөз
Дереккөз

Қонақтар мен қатысушылар ең әуелі «Гласман», «Лепсинск өнімдері», «Лукойл Азия Лубрикантс», «Маревен Фуд Тянь-Шань», «JLC сүт» ЖШС, «Қадам KZ», «Arba wine», Ақсу, Көксу қант зауыты сынды өңірдегі тауар өндірушілердің өнімдері қойылған көрмемен танысты. Форумға қатысқан Алматы облысының әкімі Амандық Баталов: «Біздің облыстың табиғи-климаттық жағдайы өте қолайлы, ауасы таза, суы мол, шөбі шүйгін. Табиғаты өз алдына, біздің ең басты байлығымыз – халқымыз. Өңірде 100-ден астам ұлт пен ұлыс тату-тәтті тірлік кешуде. Олар туған жерді көркейтуге, табысын еселеу жолында еңбек етіп, экономиканы дамытуға үлес қосып отыр. Біз өз тарапымыздан инвестиция тартып, кәсіпорындар ашып, жаңа жұмыс орындарын құрудамыз. Осының барлығы бүгінгі «Қаржы құй. Өмір сүр. Саяхатта» атауымен өтіп отырған инвестициялық форумға келіп отырған бизнесмендердің арқасында атқарылып отыр. Бүгінгі күні біз аграрлық аймақтан аграрлық-индустриалдық аймаққа айналдық. Биылғы жылы өнеркәсіп өндірісі 1 трлн. теңгеге жуықтайды, ал ауыл шаруашылығында 850 млрд. теңгенің шегінен астық. Бұл — бизнес-қауымдастықпен бірлесе атқарған жұмыстың нәтижесі. Бүгінгі форумның арқасында жаңа келісімдерге қол жеткізіп, өзара іскерлік қарым-қатынастар нығаяды деп сенемін. Сөзімнің соңында «Егер жылдам барғың келсе, жалғыз жүр, егер ұзаққа барғың келсе, бірге жүр» деген мақалды тілге тиек еткім келеді. Халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған іргелі істерді әрқашан бірлесіп атқарайық», — деді. Айта кетейік, форум аясында құны 300 млрд. теңгеден астам қаржыға 10-нан астам келісімшартқа қол қойылды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK