Жетісу даласында тарих тараулары сайрап жатыр

79
Дереккөз

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның қасиетті, киелі жерлерінің мәдени географиялық белдеуі — неше ғасыр өтсе де бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы»,-деп атап өткен болатын. Жетісу даласында сан ғасырлық тарихтың тараулары сайрап жатыр. Көне жердің шежіресін әрмен қарай жалғастыру, оны дәріптеу бүгінгі күннің еншісінде. «Zhetysu Travel» туристік орталығы БАҚ өкілдеріне арнайы ақпараттық саяхат ұйымдастырды.

Дереккөз

Баспасөз өкілдерінің екі күндік саяхаты  «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық  табиғи паркінен бастау алды. Табиғаты суретшінің салған суретіндей келіскен әрі тарихи құндылықтарға бай бұл аймақ көпшіліктің таңдайын қақтырады. Аталмыш қорықта «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер мен жануарлар  мекен ететіні тағы бар. Басты ерекшелігі — еліміздегі шөлді аумақта орналасқан жалғыз парк боп есептелінеді. Мұнда атақты  «Айғай құм» төбесі орналасқан. Үлкен және Кіші Қалқан  тауларының етегіндегі хрусталь тәрізді құмдар  жел әсерінен қозғалғанда әуенді дыбыс шығарады. Халық арасында «Әнші құм» аталуы да осы себептен болса керек.

Дереккөз

Сондай-ақ, «Алтынемел» табиғи саябағы тағы бір ерекше қорыммен яғни сақ дәуірінен келе жатқан «Бесшатыр» обаларымен де атақты. Жерлеу дәстүрінің өзіндік ерекше түрін көрсететін бұл обалар да өз кезегінде құнды болып саналады. Олардың үйіндісіне қарап кіші, орташа және үлкен деп 3 топқа бөліп қарастыруға болады. Орташа обалар киіз үй тәрізді доғал, үлкендері ірі ағаштармен  қабірге ұқсас етіп салынған. «Сақтар заманынан қалған «Бесшатыр» қорымы туралы алғаш рет 1957-1961 жылдары қазақстандық ғалым Кемел Ақышев бастаған археологиялық экспедиция барысында айтылды. Шылбыр деген жерде үлкенді-кішілі 31 оба бар. Олардың 21-і таспен, ал қалған 10-ы қиыршық тас араласқан топырақ үйінділермен жабылған. Обалардың ең үлкенінің диаметрі 45 метрден 105 метрге дейін жетсе, биіктігі 6-17 метр аралығында болатын»-деген дерек бар. Үшінші бесшатыр қорғаны архитектурасымен өзгелерден ерекшеленіп тұрады.  Үлкен қорғаннан кейінгі көлемі бойынша екінші кезектегі қорғанның диаметрі 73-75 м, биіктігі 11, 05 м. Тас үймекпен және менгирлерімен 40 кромлехалардан тұратын тізбектермен қоршалған. Құрылымы бойынша бірінші, алтыншы және көлемі бойынша орташа сегізінші қорғанның «патша» қабірлеріне ұқсас. Қорғанның астынан жер асты үңгір жолдары табылған.

Фото авторы А.Саудан

Өлкетану экспедициясының  екінші күні табиғат ананың шеберлігінің арқасында көркем бейнеге енген «Қатутау» және «Ақтау» тауларына бет бұрдық. «Қатутау» — ежелгі жанартау атқылауынан пайда болған деседі. Соның әсерінен ерекше  бейнелерден тұрады.

Фото авторы А.Саудан

Ал « Қатутаумен» ұласып жатқан «Ақтау» тауын «Қазақстанның Каппадокиясы» десе артық болмас.  Таңғажайып тау бұрынғы теңіздің тартылу нәтижесінде  пайда болған. Өзгеге ұқсамас шатқал басқа әлемге енгендей әсер сыйлайды. Қазақстанның мұндай мақтанышы тек жерлестерімізді ғана емес, өзге елдің тұрғындарын да таң-тамаша етуде. Басым бөлігі Еуропа, Польша, Ресей, Германиядан.  Жалпы ағымдағы жылы  бұл маңға 16 мыңнан астам турист келген. Бұл өңіріміздің шағын ғана ауданы үшін үлкен көрсеткіш.  «Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек» — екенін естен шығармаған абзал.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK