Пиротехникалық бұйымдарды қолдану ережесі

576
дереккөз

Тек қана 2017 жылдың басынан Алматы облысының аумағында 1898 өрт оқиғасы тіркеліп, материалдық шығын 180 млн. 547 мың теңгені құрады.  Өртте 23 адам қаза болды, 37 адам әртүрлі дәрежеде жарақат, дене күйігін алды.

Жаңа жыл қарсаңында мерекеге дайындық кезеңінде пиротехникалық бұйымдарды абайсыз қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу нәтижесінде өрттер және жарақат алу санының кенет көбеюіне себеп болады. Бұл сияқты төтенше жағдайлар зардаптарын алдын алу – бұл біздің басты мақсат.

Келе жатқан жаңа жыл мерекелерінің қарсаңында, оларды қауіпсіз өткізу мақсатында, Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментімен 21 рейдтер өткізілді, рейдтерді өткізу барысында ішкі істер органдарымен бірлесіп 673 пиротехникалық бұйымдар тәркіленді.

 Жаңа жылдық және Рождестволық мерекелерді қызықты және ұмытылмастай етіп жасауға бенгал оттары және түрлі-түсті отшашулар көмектеседі?! Бірақ ұмытпаған жөн, пиротехникалық бұйымдар жарқыраған әсерден басқа жағымсыз естелік те қалдырады, себебі олардың барлығы жарақаттаушы және өрт қауіпті. Сондықтан, пиротехниканы сатып алғанда, қарапайым қауіпсіздік ережелері туралы есте сақтаңыздар!

Алматы облысы ТЖД естеріңізге салады:

  • петарда, ракеталар, отшашуларды және басқа бұйымдарды тек қана арнайы дүкендерден сатып алыңыздар
  • пиротехниканы қандай-да бір кемістікпен сатып алмаңыздар
  • сақталу мерзіміне назар аударыңыздар
  • қолданар алдында міндетті түрде нұсқаулықпен танысып және соған сай әрекет етіңіз
  • пиротехниканы қалтаға салып жүрмеңіз
  • онымен жұмыс жасағанда темекі шекпеңіз
  • қатты жел болғанда оны ұшырмаңыз
  • бұйымды бөлшектемеңіз және механикалық әсерге ұшыратпаңыз
  • құрылыстан, ағаштардан, тез жанғыш заттардан, электр тарату желілерінен 30 метр жақын ұшырмаңыз
  • адамдар жаққа қарай бағыттамаңыз
  • онымен мас күйінде жұмыс жасамаңыз
  • пиротехникалық бұйымды созылған қолдың арақашықтығында жандырыңыз, оған қарай еңкеймеңіз
  • егер пиротехника іске қосылмаса, оны қайтадан жандырмаңыз

Жаңа жыл мерекелері тек қана қуаныш әкелсін десеңіз – бірінші кезеңде олардың бәрі қауіпсіз болуы керек! Сәттілікті сынамаңыз – пиротехникалық бұйымдарды қолдану бойынша қарапайым ережелерге сүйеніңіз. Абай болыңыз! Өзіңізді сақтаңыз! Сізге бақытты Жаңа жыл және Рождество тілейміз!

 

 Алматы облысы ТЖД ӨҚСБПҚБ бас маманы,

азаматтық қорғау подполковнигі Толқын Қатышева

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK