Бірінші  қазан халықаралық қарттар күні. Осыған байланысты Талдықорғандағы «Нұр» мешітінің бас имамы Алмас Сағидолдаұлы шаһардағы Ілияс Жансүгіров атындағы әдеби-мемориалдық мұражайға барып мерекелік  басқосуға келген қарияларға сый-құрмет көрсетті.

Шараға әр ұлттың өкілінен құрам тапқан 30-дан астам қария жиналған. Олардың  хал-жайын сұрап, зор денсаулық тілеген Алмас қарттарды төл мерекесімен құттықтады. Әрі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Ардақ Оразбаевтың ықыласты сәлемін жеткізді.

Қариялар алдында сөз алған бас имам: «Қасиетті Құран хадисінде үлкенге құрметпен, кішіге ізетпен қарау  әрбір мұсылманнның басты парызы саналады.  Ұлтымызда «Қарты бар ел – қазыналы ел» деген жақсы сөз бар. Сол үшін де қарттар біздің асыл қазынамыз, жол көрсетер ақылшымыз. Қарттарды құрметтеп,  оларға қолдан келгенше жақсылық жасау бүгінгі ұрпақтың маңдайалды міндеті» — деді.  Мерекелік кездесуде өнерпаз жастар қариялар назарына концерттік бағдарламасын ұсынып, мешіт атынан арнайы сыйлықтар табысталды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK