Бүгін Талдықорғанда қала күні мерекесі аясында шағын футболдан қалалық турнир өтті, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Жарыстың ашылу рәсімінде қала әкімінің орынбасары Сауле Арзанбекова сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жалпы, турнирге 4 команда, 50-ге жуық спортшы қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша бас жулдені «Жетісу — Ардагер» командасы ұтып алды. Екінші орын журналисттерден құралған «BAQ Jetisu» командасына бұйырса, үздік үштікті Алматы облысы әкімдігінің қызметкерлері иеленді.

Сондай-ақ, «Үздік қақпашы» — С.Қантаев, «Үздік қорғаушы» — Ж.Абишев, «Үздік шабуылшы» — А.Нақыпбаев және «Үздік ойыншы» — Д.Иманкулов номинациялары табысталды.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің кубоктарымен, статуэткаларымен, медальдарымен және грамоталарымен марапатталды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK