Бүгін Талдықорғанда Алматы облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасы бірлесіп, «Шақырушылар күні» атты әскери-патриоттық акциясын өткізді, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Салтанатты шарада сөз алған Алматы облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, жасақтау басқармасының бастығы, полковник Руслан Абиханов әскер қатарына шақырылғандарды құттықтады. Оларға отан алдындағы борыштарын абыроймен атқарып, туған жерге аман оралуларына тілектестік білдірді.

Атап айтсақ, үстіміздегі жылдың көктем айында Алматы облысынан 1877 адам әскерге аттанса, күз айында 1896 сарбазды жіберу жоспарланыпты. Полковник Руслан Жетпісбекұлының айтуынша, әскерге жіберілгендер ҚР қарулы күштері қатарында, шекара қызметінде, Ұлтық ұланда және күзет қызметінде өз борыштарын өтейді.

«Күзгі науқан бойынша жасы толған азаматтарды әкер қатарына жіберу 7 қыркүйекте басталған болатын. Бұл біздің үшінші жіберуіміз. Осы уақытқа дейін облыс бойынша шекара қызметіне 206 адамды аттандырдық. Міне, бүгін тағы 42-сі кетіп барады. Алда әлі 430 адамды жіберу міндеті тұр. Сонымен қатар, 15 қазаннан бастап ҚР қарулы күштеріне 660 және Ұлттық ұланға 800 адамды жіберу жоспарлануда. Науқан 30 желтоқсанға дейін жалғасады», — дейді полковник Р.Абиханов.

Нұрлыбек Маратұлы:

— Отан алдындағы борышымды өтеу үшін шекара қызметіне кетіп барамын. Бұл – мен үшін үлкен абырой. Өзіме әскери адам болған қатты ұнайды. Алдағы уақытта осы салада қызмет ету жоспарымда бар.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK