Мектеп оқушылары «I Love Taldykorgan» мюзиклін тамашалады

248
Дереккөз

Қала күні мерекесі қарсаңында мектеп оқушыларына сұлу шаhарымыздан сыр шертер  «I Love Taldykorgan»  мюзиклі көрсетілді.

Дереккөз

Алматы облысының әкімдігі мен ішкі саясат басқармасының қолдауымен жарыққа шыққан туындының ұзақтығы 50 минут. Сценарий авторлары — Ерлан Ұшақпаев, Әділбек Әбілов және Медет Құрманов.

Дереккөз

Басты рөлдерді Ерік Хамидуллаев, Карина Жұмалиева және Әдемі Нұрлан сомдайды. Фильмде бала шақта ата-анасынан айырылып, жолдары  екіге бөлінген  егіздер Жеңіс пен Төлегеннің өмірі баяндалады. Бірі қарызданып өмір сүріп жүрген  қарапайым жігіт болса, бірі АҚШ-қа шақырту алған білікті дәрігер әрі дәулетті. Жеңіс шет елге аттанбас бұрын Талдықорғанға келіп, соңында бауырларымен бірге қалуды ұйғарады. Кейіпкерлердің шытырманға толы тағдырлары қаланың көрікті орындары мен ғимараттарында өрбиді. Аталмыш мюзикл салауатты өмір салты, отбасылық құндылықтар мен туған жерге деген сүйіспеншілікті насихаттайды. Айта кетейік,Талдықорған қалалық әкімдігі  мереке аясында танымал тұлғалармен кездесу ұйымдастырып, отандық және әлемдік фильмдерді көрсетуді дәстүрге айналдырған.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK