Қала күні аясында «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемелкеттік мекемесі «Үздік әлеуметтік қызметкер» номинациясы бойынша байқау жарияланды, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Жалпы ережелер

«Үздік әлеуметтік қызметкер» (бұдан әрі Конкурс) «Қала күніне» орай өткізіледі. Конкурс ең жақсы кәсіби дайындалған, терең білімі бар, әлеуметтік қызметкерлер санынан жоғарғы білікті маманды анықтауға мүмкіндік береді.
Конкурсты «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемелкеттік мекемесі 2019 жылғы 5 қыркүйек және 25 қыркүйек аралығында, «Талдықорған қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен бірлесе отырып өткізеді.
1.3. Конкурсты өткізудің ұйымдастырушылық және әдістемелік қамсыздандыруын Талдықорған қаласы әкімі бекіткен комиссия жүзеге асырады.
1.4. Осы ереже бұқаралық ақпарат құралдарында және Талдықорған қаласы әкімдігінің ресми сайтында жарияланады.

Конкурс өткізудің шарттары

2.1. Конкурсқа тиісті конкурстық комиссияға өтінім берген әлеуметтік қызметкерлер қатысады.
2.2. Конкурсқа қатысу өтінімдері конкурстық комиссияға келесі мекенжайға жолданады: Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 35 А ғимараты, № 1 кабинет, E-mail: gorsobestaldyk@mail.ru, «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемелкеттік мекемесінің қабылдау бөлмесі.
2.3.Конкурс келесі номинация бойынша өткізіледі:
— «Үздік әлеуметтік қызметкер».

Бағалау критериелері

3.1. «Үздік әлеуметтік қызметкер» номинация жеңімпаздары келесі
критериялар бойынша анықталады (ең жоғары ұпай — 100):
— Жалпы кәсіби деңгейі (ең жоғары ұпай — 20):
мамандығы бойынша практикалық
дағдыны иелену дәрежесі — ең жоғары ұпай 10;
5 жылда 1 рет біліктілігін арттырудан
өтуі — ең жоғары ұпай 10;
кәсіби ұмтылысын өсіруі — ең жоғары ұпай 10;
жұмыста жаңа технологиялар қолдануы
және әлеуметтік саладағы жетістігі — ең жоғары ұпай 10.
Әлеуметтік дағды (ең жоғары ұпай – 30 балл):

қоғамдық және әлеуметтік жұмыстарға
қатысу деңгейі — ең жоғары ұпай 10;
тәлімгерлігі — ең жоғары ұпай 10;
ата-аналардан алған алғыс сөздері — ең жоғары ұпай 10.
— Жеке қасиеттері (ең жоғары ұпай – 30 балл):
арнайы баспаларда
жарияланған мақалалар — ең жоғары ұпай 10
дербес компьютерді қолдана білуі — ең жоғары ұпай 10
наградалары (алғыс, грамоталар,
мемлекеттік наградалар және т.б.) — ең жоғары ұпай 5
шет тілдерін білуі — ең жоғары ұпай 5

Конкурсты өткізу тәртібі

4.1. Конкурсқа қатысу өтінімдері мен қағаз және электрондық тасымалдағышта фото материалдар 25.09.2019 ж. сағат 18.00-ге дейін қабылданады.
4.2. Қалада үздік деп танылып ең жоғары ұпай иеленгендер конкурстың жеңімпаздары болып танылады.

Конкурстың қорытындысын шығару

5.1. Конкурстық комиссия конкурс аяқталған күннен кейінгі бір күн ішінде, конкурстық комиссияның барлық номинанттарды аралауы нәтижесін есепке ала отырып, конкурстың қорытындысын шығарады.
5.2. Комиссияның шешімдері отырыстарды алқалы түрде қабылданып хаттамамен рәсімделеді (дауыс берулер тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші құқық иеленеді). Хаттамаға комиссия төрағасы, хатшысы, және отырысқа қатысқан комиссия мүшелері қол қояды. Конкурстық комиссияның шешімі бұқаралық ақпарат құралдарында және/немесе Талдықорған қаласы әкімдігінің ресми сайтында жарияланады.
5.3. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK