Қала күні аясында «Үздік мұғалім-2019» байқауы жарияланды, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Талдықорған қаласы бойынша жалпы орта білім беру мекемелері арасында өткізілетін «Үздік мұғалім-2019» сырттай (қашықтық) байқауының ЕРЕЖЕСІ

І. Жалпы ережелер
«Үздік мұғалім-2019» қалалық байқауын өткізу туралы Ереже 2007 жылдың 27 шілдесіндегі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 4-баптың 18-тармақшасына және 2012 жылдың 30 наурызындағы Қазақстан Республикасының «Үздік мұғалім» атағын беру Ережелерін бекіту туралы» № 394 Қаулысы негізінде жасалды.
«Үздік мұғалім — 2019» байқауы (ары қарай -Байқау) қала әкімдігі мен Талдықорған қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тарапынан сырттай өткізіледі.

ІІ. Байқаудың мақсаты:
Жалпы орта білімді жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының потенциалды мүмкіндіктерін анықтау;
шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздарды анықтау және шығармашылық потенциалын ашу;
олардың кәсіби тұрғыда өз біліктілігін анықтауға жағдай жасау.

ІІІ. Байқаудың міндеті:
Талантты, шығармашыл, ізденімпаз ұстаздарды анықтау;
мұғалім беделін арттыру;
кәсіби қарым-қатынас көкжиегін анықтау;
ұстаздың әлеуметтік және кәсіби имиджін құру, оларға қолдау көрсету және көтермелеу;
кәсіби құзырлылығын дамыту жолында мұғалімдерді ынталандыру;
мұғалімдік мамандықтың абыройын арттыру, мәртебесін көтеру;

ІV. Байқауға төмендегі талаптарға сай мұғалімдер қатыса алады: 

Білім беру ұйымының штаттық қызметкері болуы қажет. Қатысушының еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.

V. Қалалық (сырттай) байқау үш кезеңнен тұрады: 

Үміткер қалалық байқаудың ұйымдастыру комитетіне құжаттарын қағаз түрінде және электрондық түрде тапсырады. Қатысушы портфолиосын өткізеді.

1-кезең. Мұғалім туралы жалпы мәлімет ( Суреті міндетті түрде қойылсын)
Аты-жөні
Жұмыс орны
Қызметі
Атағы, марапаттары, біліктілік санаты
Жалпы педагогикалық өтілі
Сабақ беретін сыныптары
Қызығушылығы
Мұғалімнің мақсат, міндеттері
Жетістіктері
Күтілетін нәтиже

2-кезең. Оқушы мен мұғалім жетістіктерін анықтайтын құжаттар:
оқушылар мен тәрбиеленушілер жетістіктерінің оң серпінінде көрсетілген педагогикалық қызметтің жоғары нәтижелілігі (білім мониторингі, оқушылардың оқу жетістіктерін сырттай бағалау және қорытынды аттестаттаудың нәтижелері, ұлттық бірыңғай тестілеу көрсеткіштері, білім берудің, бітірушілер емтиханының сапасын тәуелсіз бағалау, оқушылар мен тәрбиеленушілердің пәндік олимпиадалардағы, жобалар конкурстарындағы, ғылыми-практикалық конференциялардағы, шығармашылық конкурстардағы, спорт жарыстарындағы жетістіктері туралы ақпарат);
педагогтың кәсіби құзыреттілігі (біліктілікті арттыру, инновациялық білім беру технологияларын пайдалану, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық, кәсіби конкурстарға қатысу, зерттеу жұмыстарының нәтижелері туралы мәлімет);
өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтау және тарату туралы мәліметтерді қоса отырып, педагогтың педагогикалық қызметін өзіндік талдауы (сынып шеберлігі бойынша әзірлемелер, семинарлар, ғылыми-практикалық конференциялар материалдары, педагогтың қатысуымен бұқаралық ақпарат құралдарында сөйленген сөздер, жарияланған әдістемелік еңбектер, салааралық, өңіраралық және халықаралық ынтымақтастықтарды дамыту);
педагогтың кәсіби шеберлігін және жеке тұлғасын бағалау (әдістемелік өнімдерге рецензия, алғыс хат, мақтау қағаздары, дипломдар);
педагогтың өңірлердегі, республикадағы білім беруді дамытудағы үлесі (мемлекеттік білім беру жобаларын педагогикалық практикаға енгізу жөніндегі жұмыс, инновациялық педагогикалық идеяларды насихаттау қызметінің бағыты бойынша оқу-әдістемелік кешендер, авторлық жұмыстар әзірлемелері)

3- кезең. Байқауға қатысушылар «Мен ХХІ ғасыр ұстазымын» атты тақырып бойынша эссе жазады.

Байқауға қатысу үшін барлық құжаттарын көрсетілген үлгі бойынша 2019 жылдың «25» қыркүйегіне сағат 18:00 дейін қалалық білім бөлімінің электронды мекен-жайына zhaylymysova.asel@mail.ru жолдау қажет.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK