Темп сақтаңыздар!

35
Дереккөз

«Ақылды бейсенбі» жобасы аясында Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары физика саласындағы жас ғалым — Азамат Жақсылықовпен кездесті.

Дереккөз

Азамат Жақсылықов Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 2010 жылғы түлегі. 2017 жылы Назарбаев Университетін бітіріп, үздік түлектер қатарына кірді. Дарынды физик өзінің жоғары академиялық жетістіктері үшін АҚШ-тың жетекші зерттеу университеттерінің бірі — Мэдисондағы Висконсин университетінде магистратура мен докторантураға білім грантын жеңіп алды. Бүгінде Азамат магистратураны ойдағыдай бітіріп, PhD докторантурасында оқиды. Азамат өзінің тәжірибесі мен университеттегі уақытты тиімді пайдалану жолдарын айта отырып, магистратура және PhD деңгейлерінің қажеттілігі туралы көптеген ақпарат берді. «Университеттен кейінгі мансаптық жол» және «студенттердің оқу жөніндегі қате пікірлері» сияқты тақырыптар қозғалды. Өз әңгімесінде Азамат оқушылар таңдаған университеттің профессорларына хат жазу, түрлі сұхбаттарға дайын болу өте маңызды екенін атап өтті. Бұл болашақ оқыту процесін зерделеуге мүмкіндік береді.

Азамат қызыққа толы кездесу үшін оқушыларға алғысын білдіріп, көптеген сұрақтарға жауап берді. Оқушылар да өз ойларын ортаға еркін тастап, пікір білдірумен болды. Сонымен қатар, жас ғалым жас көшбасшыларды қол жеткізген нәтижемен шектелмей, бұдан әрі алға басуға шақырды. Азаматтың негізгі кеңесі — спортпен шұғылдану. Денсаулығыңыз болмаса үлкен мақсаттарға жету екі талай. Дәл қазір неден бастау керек, Азаматтың айтуынша, «өз бетімен жұмыс жасау», «шеберлікті жетілдіру» және «темп сақтау» дейді.

Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK