Талдықорғанда вайнерлер фестивалі өтті

57
Дереккөз

Алматы облысының ішкі саясат басқармасы мен «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен «ZHETYSU VINE FEST» вайнерлер фестивалі өтті.

Дереккөз

Аталмыш шараны ұйымдастырудағы мақсат — Алматы облысының туристік және сакралды нысандарын қызықты бейнежазба арқылы  әлеуметтік желіде Қазақстандық және ТМД елдерінің көрермендеріне кеңінен таныстыру. Кездесуге отандық «T-jokers», «Jokeasses», «Zheka_FatBelly» «Ratbek» сынды вайнерлер мен  «PAZL» арнасының блогерлері қатысып,  тәжірибелерімен бөлісті. Олар шара барысында әлем назарын өзіне аудартқан «Алтынемел» ұлттық паркі, Шарын шатқалы, Көлсай, Қайыңды көлдеріне табан тіреп, көпшілік қауымның назарына қызықты вайндар ұсынып,  көрікті орындарды насихаттайтын  болады. Осылайша Жетісу жауhарларын он миллионнан астам адам тамашалайды деп күтілуде. Облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің бөлім басшысы Ерасыл Толымбекұлы: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында  туризмді дамыту мақсатында ұйымдастырылып отыр. Шағын бейнероликтер арқылы өңіріміздің әсемдігін тек еліміздің ғана емес, шет мемлекеттің тұрғындарына да көрсетуге мүмкіндік болмақ»-деп атап өтті.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK