Талдықорғанда көлік жылдамдығын бәсеңдету мақсатында қойылған арнайы белгіні белгісіз біреулер сындырып кеткен. Оқиға №25 орта мектепке қарама-қарсы Сыртанов көшесінде орын алған. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі «бұзақылық» бойынша тіркеліп отыр, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Тәртіп сақшыларының жедел іздестуінің нәтижесінде 26 жастағы талдықорғандық күдікті ретінде ұсталып, кейін бұзақылық ісін мойындаған. Айтуынша, ол достарымен бірге алкогольдік ішімдік ішкен. Кейін көлікпен мектептің қасынан өтіп бара жатып, оқушы сұлбасын тепкілеп сындырған.

«Мұндай қадамға не үшін барғанымды білмеймін. Себебі, мас болдым. Жасаған ісіме қатты өкінемін және шығынды қалпына келтіремін», — дейді ол.

Қазір жасалған бұзақылық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, жаңа оқу жылының басталуына байланысты жақында қала көшелерінде көлік жылдамдығын бәсеңдетуге арналған бірнеше арнайы белгілер қойылған болатын.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK