Бүгінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған  «Зекет» қоры көптеген игі істерге мұрындық болуда. Атап айтсақ, еліміздің әр аймағындағы бұл қор өкілдері  жалпы жамағатты тұрмысында қиыншылығы бар жетім-жесір, мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша көмек көрсетуге шақырады.

Соның нәтижесінде бүгінгі күнге дейін аймақтардағы кейбір атымтай жомарт жандардың көмегімен  көптеген адамдар «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында баспаналы болып, тағы бірқатар жоқ-жітік жандарға заттай және қаржылай көмек көрсетілген. Дәл осындай қайырымдылық шарасына үнемі ұйтқы болып келген Талдықорған өңірі бойынша «Зекет» қоры жақында мүмкіндігі шектеулі төрт отбасына бірден қой үлестірсе, тағы бірнеше  мұқтаж отбасыларның балаларына киім-кешек тарту етті.

Қайырымдылық қадірлі іс.  Мұндай шара бұдан былай да жалғасын табады. Бастысы зекет беріп, басқа да жақтардан көмек көрсетіп жүрген аймағымыздағы қолы ашық азаматтарға Алла риза болсын!, — дейді Талдықорған өңірі бойынша «Зекет» қорының өкілі Серік Сарымолдаев .

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK