«Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады»

131
Дереккөз

Алматы облысының  тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйытқы болуымен қазақ әліпбиінің негізін салған  Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен орайластырылған Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аясында салтанатты жиын өтті.

Дереккөз

Жиынға ҚР Мәдениет қайраткері, Алматы облысының Құрметті азаматы Әлімғазы Райымбеков, Алматы облыстық мәслихатының хатшысы Сұлтан Дүйсенбинов, қоғам қайраткерлері мен  тіл жанашырлары қатысты. Сұлтан Мырзабекұлы «Биылғы мереке Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауымен  тұспа-тұс келіп отыр. Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған «Біздің ұстанымымыз: «Ел бірлігі – оның әралуандығында!» Еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасай береміз. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек. Сондай-ақ, тіл үлкен саясаттың құралы екенін де ұмытпаған жөн»-деген пікірін толықтай қолдаймыз. Мемлекет басшысының Жолдауда айтқан тапсырмасын жүзеге асыру үшін бірінші кезекте «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Қазақстан халқы Ассамблеясымен жұмыс жасап, өзге этнос өкілдерінің мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттырып, мемлекеттік тілді тегін оқыту курстарына жұмылдыру керек. Өңірімізде тілдік ахуалдың тұрақтылығын сақтау, латын негізді әліпбиге көшу бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары кең көлемде жүргізіліп келеді» — деді.

Дереккөз
Дереккөз

Жиын барысында қазақ руханиятының дамуына ықпал етіп, жастардың шығармашылығын шыңдау мақсатында облыс әкімінің «Ақ қауырсын» әдеби жүлдесі үшін өткен «Жастар жырлайды» байқауының жеңімпаздары анықталды. Проза аталымы бойынша  «Киелі топырақ» әңгімесімен Елдос Тоқтарбай, поэзия жанры бойынша Мұхтар Күмісбек лайық деп танылды.

Дереккөз

Сондай-ақ, Жетісу жерінде кіндік қаны тамған, дүниеден өткен ақын-жазушылардың есімін ұлықтау мақсатында ұйымдастырылған «Жетісудың жыр керуені» жобасының үздіктері мен «Тіл тазалығы» акциясының белсенді қатысушылары марапатталды.

Дереккөз

Айта кетейік, аталмыш әдеби жүлде өткен жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған болатын. Нәтижесінде мерекелік жиында «Мәңгілік елдің мұраты» байқауы бойынша қаламгерлердің озық туындыларынан жинақталған «Ақ қауырсын» кітабының тұсауы кесілді.

Дереккөз

Шара соңында мемлекеттік тілдің дамуы мен өркендеуіне өзіндік үлесін қосып жүрген бірқатар азаматтар ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, Алматы облысы әкімінің, облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын иеленді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK