Талдықорғанда мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын талқылау бойынша облыстық актив өтті. Жиынға аймақтағы әр мекеменің басшылары, аудан, қала әкімдері, кәсіпкерлер, жастар, БАҚ және партия  өкілдері мен басқа да  саланың жетекші-мамандары қатысты.

Жиналған қауым алдында баяндама жасаған облыс әкімі Амандық Баталов: «Президент Жолдауын Жетісу жұрты  зер сала тыңдап, ықыласпен қабылдады. Онда Елбасы Н.Ә. Назарбаев айқындап берген стратегиялық бағыттар негізінде  Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасында белгіленген ұсыныстары мен бастамалары жалғасын тауып, қоғамның дамуы үшін алдағы кезеңде атқарылуы тиіс жұмыстарға нақты бағыт — бағдар көрсетілді. Ендігі біздің міндет – Президентіміз алға қойған тапсырмаларды шынайы жүзеге асыру» — деді. Осы орайда  Амандық Ғаббасұлы мемлекет басшысы Жолдауда атап көрсеткен басты бағыттарға кеңінен тоқталып,  аймақтағы білім мен денсаулық,спорт пен мәдениет басқа да әлеуметтік салаларда жеткен жетістіктерді атап, алдағы жоба-жоспарлармен бөлісті.

Осыдан соң жеке-жеке сөз алған өңір тұрғындары Жолдауда айтылған әрбір түйіннің орны ерекше екенін  атап айтты. Іле аудандық мәслихаттың хатшысы Роза Абилова мемлекет басшысының Жолдауында  достықты нығайтып, береке бірлікті сақтап, қазақ тілінің мәртебесін көтеру бағытында айтылған басты бағыттардың орны ерекше десе, «Аксель А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Айдын Иманбеков ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының кәсіпкерлерді қолдауға қомақты қаражат бөліп, халықтың әл-ауқатын көтеруге баса мән берілетіндігін ерекше алқады.Ал,облыстық Бикен Римова атындағы Драма театрының әртісі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Ғалия Темірбаева мемлекет басшысының мәдениет саласы қызметкерлерінің еңбекақысын өсіру туралы бастамасына барлық әріптестері атынан ризашылығын білдірсе, Талдықорған политехникалық колледжінің ұстазы Игорь Скоромный ел  Президентінің жалпы білім саласына баса мән беру, мұғалімдер жалақысын еселеп өсіру туралы айтқандарына айрықша алғысын жеткізді. Панфилов аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Алмаз Батырхан биылғы Жастар жылы аясында және мемлекет басшысының жастарға жан-жақты қолдау көрсету туралы  бастамасын ықыласпен қабылдап, ел үшін адал қызмет атқаруға сенім білдірді.

Қорытып айтқанда жиынға қатысқан Жетісу жұрты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын  Қазақстанның шынайы  тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі деп бағалады.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK