дереккөз

Сөз маржанын сазды әуенмен жеткізетін ұлы дала өнерпаздарын анықтайтын «Текті сөздің төресі-терме» атты облыстық жыршы-термешілер байқауы өз мәресіне жетті.

Алматы облысының тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткен сайысқа көмейіне бұлбұл ұялаған 16 мен 35 жас шамасындағы 15 үміткер қатысты. Әр аудан мен қаланың  үкілеген үміттері атадан бала мұра болған өнерді дәріптеді.

Сайыскердің ішінде жақсы өнер көрсеткен талғарлық Рахымбай Ермек бірінші орынды иеленді. Екінші орынды Іле ауданынан Айзада Қазбекова мен алакөлдік Тұрар Айдос өзара бөлісті. Ал байқаудың үштігін Талдықорған қаласының өнеразы Ұлжан Бақтияр мен Текелі қаласынан келген Нұрдана Арғын түйіндеді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK