Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында ел өміріндегі елеулі оқиғалар биылғы Жастар жылына үлкен серпілістер беруде. Оның айғағы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына алғаш рет жолдаған Жолдауы.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында әлеуметтік қолдау шараларына қатысты мәселелерді көтерді. Яғни, 2020 жылдан мұғалімдер жалақысы 25 пайызға өсетінін, оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшуіміз қажеттігін, бұқаралық спортты дамытуда кешенді бағдарлама қабылдау керектігін айтты.

Қазақ халқының мемлекет құраушы ұлт ретіндегі рөлін бекемдеп, этносаралық татулық пен бірлікті нығайту- біздің басты міндетіміз.

Ел бірлігі, татулықпен тұрақтылық Қазақстанның көп ұлтты этнос өкілдерінің ортақ шаңырағындағы береке бірлігінің айғағы.

Еліміздің экономикалық дамуы барша қазақстандықтардың игілігіне жұмсалуы басты назарда екені бәріміз үшін қуанарлық жағдай. Әсіресе аз қамтылған, көп балалы отбасындағы Дарынды балалардың қабілетін мүмкіндігін арманын дамыту барысында жол картасын әзірлеп іске қосу үлкен қамқорлық екендігін атап өтуге болады.

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы жалпы қоғамның дамуы үшін алдағы кезеңде атқарылуы тиіс жұмыстарға нақты бағыт-бағдар болатынына сенім мол.

Біз Еліміздің жарқын болашағы, кемел келешегі үшін жасап жатқан бар мүмкіндіктерді жалғастырып, мемлекетіміздің өсіп өркендеуіне өз үлесімізді қосамыз.

Тәңірберген Қасымберкебаев,

«Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығының»

директоры.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK