Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев тұңғыш рет Парламент палатасының бірлескен отырысында Қазақстан халқына өзінің алғашқы Жолдауын жария етті. Жолдауда елдің дамуы мен халықтың әл ауқатын арттырудың тың бастамалары ұсынылып,  азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңның үстемдігін қамтамасыз етудің тиімді  жолдары атап айтылды.

Өз Жолдауында Мемлекет басшысы еліміздің білім мен денсаулық, спорт пен мәдениет басқа да әлеуметтік салаларды дамытудың басты бағыттарын айқындап, мемлекеттік қызметтің сапасын арттырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға батыл пәрмен берді. Сондай-ақ, ел Президенті: «Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары саналады. Мемлекеттік қызметшілер жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында арнайы дайындығы бар жас кадрларды тарту қажет. Сонымен бірге 2020 жылдан бастап біз мемлекеттік қызметшілердің санын біртіндеп қысқартуға кірісіп, үнемделген қаражатты неғұрлым пайдалы қызметкерлерді ынталандыруға жұмсаймыз» -деді. Бұл өз кезгінде жастардың мемлекеттік қызметке деген құлшынысын және қызмет сапасын   арттырады. Сол үшін Президенттің Жолдауында айтылған әрбір тапсырманы орындау барша жұрт үшін ортақ міндет.

 

                                                        Серікбай Өрікбайұлы Нұрғисаев,

                                                            ҚР мемлекеттік қызмет істері

                                                                       агентігінің Алматы облысы бойынша                                                                                             департаментінің басшысы

 

 

 

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK