Ұстаз мәртебесі — ұлт болашағы

110
Дереккөз

Күні кеше  Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Мемлекет басшысы Жолдауында түрлі мәселелерді, соның ішінде «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі» бойынша бірінші кезекте, білім беру сапасын жақсарту мәселесіне тоқталды.

Білім сапасының басты көрсеткіші дарынды балалармен жүйелі жұмыстың нәтижесінде екені анық. Сондықтан да Мемлекет басшысы дарынды баланың қабілетін дамытудың жол картасын әзірлеуді тапсырды. Сонымен қатар ұстаздар қауымымен бірге дарынды балаларға Үкімет пен әкімдер тарапынан қолдау қажет екенін нақты айтты. Қазіргі таңда мұғалім оқушыны оқуға бағыттайды, оқуға үйретеді, яғни оның қызығушылығын арттыру арқылы ғана білім алуға деген құштарлығын оятады. Бұл негізі ұстаздар қауымының дарынды балалармен жеке қабілеттерін дамытуда жұмыс жасауды күшейтуді қажет етеді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы мұғалімдер мен оқытушылардың әлеуметтік жағдайын жақсартпасақ бұл шаралар жүзеге аса қоймайтынын тілге тиек ете,  тамыз конференциясында алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің еңбек ақысын екі есе арттыруды тапсырғанын жеткізді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өседі»- деген сөзі мұғалімдер қауымына көрсетілген ерекше қолдауы деп білеміз. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын қолдай отырып, елімізде жаһандық көзқарасы бар жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде педагогтар қауымы тың серпіліспен жұмыс жасайтынын сеніммен айта аламын.

М.Садуакасова, Талдықорған қаласы білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының аға әдіскері 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK