Жолдау — егемен еліміздің өркендеу жолындағы бағыты

119
Дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  Қазақстан халқына Жолдауын  ден қоя тыңдадық.

Мемлекет басшысы өз сөзінде мемлекетімізді тиімді заманауи бағытта дамытуға күш салатындығын және «Мықты Президент — ықпалды Парламент — есеп беретін Үкімет» мақсатында жұмыс жүргізілетіндігін айтты. Мемлекетімізде партиялық үрдіс жұмысын жалғастыратындығы, халықпен тиімді әрі тығыз өзара қарым-қатынас орнатылатындығы, қоғамдық келісімнің нығаятындығы, азаматтарымыздың құқықтары мен қауіпсіздігі қамтамасыз етілетіндігі және еліміз қарқынды дамыған және инклюзивті экономикаға айналатындығы жөнінде айтып, әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі туралы міндеттер қойды. Бұл Жолдауда халқымызды толғандыратын барлық мәселелер қарастырылып, нақты жоспар әзірленген. Президент  ел тағдырын ойлай отыра, баршамызды ортақ шаңырағымыз – Қазақстанымызды өркендетуге үлес қосуға шақырды.

Меруерт Абылқас,  «Жас Отан» ЖҚ Орталық Кеңес мүшесі

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK