Көкейде жүрген мәселелер талқыланды

94
Дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын мұқият тыңдап, әрі оқып шықтым.

Еліміздің өткендегі қалыптасу және даму жолын саралап, оған талдау, қорытынды жасалып, сонымен қатар алдағы уақытта ел алдында тұрған түбегейлі шешуді қажет ететін нақтылы міндеттер айқындалып берілген бұл Жолдау – мейлінше халық үшін өте маңызды. Президентіміздің өзінің сайлау алдында әйгілеген платформасын жүзеге асыруға кірісіп отырғаны қуантады. Әсіресе тиімді заманауи мемлекет қалыптастыруға бағытталған шаралармен үндесіп жатқан қоғамдық-саяси өмірді жаңғырту мәселелеріне дұрыс тоқтам жасаған. Бұл үшін азаматтық қоғам орнатуға аса қажетті Қоғамдық келісімнің Ұлттық кеңесін құру қажеттілігі баса айтылды. Сонымен қатар партиялық құрылыс жүйесін тиімді жалғастыру жөнінде ел экономикасын дамытуға, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге, азаматтардың қауіпсіздігін сақтауға бағытталған шаралар нақтылы көрсетілген. Әсіресе ауыл шаруашылығын, орта және шағын бизнесті дамытудың жолдары анық сараланыпты. Міне, осының бәрі, қорыта келгенде, көпшіліктің көңілінде жүрген күрделі мәселелер болатын. Енді олардың дұрыс шешімін табатынына сенімдімін.

Айтмұханбет Ерасылов, Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK