Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев тұңғыш рет Парламент палатасының бірлескен отырысында, Қазақстан Республикасының Президенті ретінде Қазақстан халқына алғашқы  Жолдауын жариялады.

Бұл  Жолдауда Мемлекет басшысы  ел экономикасын арттырып, әр саланы заман ағымына сай дамытуға, елдің бірлігін бекемдеп, халық тұрмысын жақсартуға сара жол ашатын басты бағыттарды айқындап берді. Сонымен қатар ел Президенті: «Жерді  тиімді пайдалануды қамтамасыз ету – біздің міндетіміз. Жер – ортақ байлығымыз. Бірақ оны мақсатты пайдалануға міндеттіміз. Бұдан бөлек, «Ауыл – ел бесігі» жобасы тиімді жүзеге асырылуы тиіс. Оған биыл қосымша тағы 90 миллиард теңге бөлінеді. Сөйтіп, ауылдық жерлердің су, газ, жол мәселелері шешімін табады» -деп, жалпы ауылшаруашылығы саласында атқарылатын жұмыстарды атап айтты. Бұл әрине  агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағытында қызмет атқарып жүрген жетекші-мамандарға жаңа  міндеттер жүктейді. Сондықтан біз үшін Жолдауда айтылған дамудың тың тұжырымдамасының маңызы зор. «Қазсушар» РМК Алматы филиалы мемлекет басшысы жүктеген әр бір тапсырманы  бұлжытпай атқарып, өңірлерді өркендетуге өз үлестерін қоса беруге дайын.

Смайыл Куметов,

 «Қазсушар» РМК

 Алматы филиалының директоры

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK