дереккөз

Күні кеше  Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты  Жолдауы жарияланды. Ел өмірі мен экономикасына, әлеуметтік мәселелеріне арнаған маңызды құжатты  жұртшылық  жылы қабылдады.

Менің  өзіме жас ұрпақтың қамын ойлаған бөлімдері ұнады. Білімді де тәрбиелі  балаларды оқытатын мұғалімдердің жалақысын көтеру, өз міндетін атқарудан тыс шаруаларға араластырмау да Жолдауда айтылды. Келер жылы атап өтетін маңызды мерейтойлар мен елеулі оқиғалар әл-Фарабидің 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойлары атап өтіледі. Ғұламалардың шығармаларын оқушылар арасында дәріптеп, іс-шараларды өткізу мұғалімдер қауымына жүктеліп отыр. Ел өміріндегі осындай елеулі оқиғалар жас ұрпақты тілді құрметтеп, нағыз отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеуге жол ашады.

Сондай-ақ, бұл ретте  ұстаздардың еңбекақысын төрт жыл ішінде екі есеге арттыру мәселесі осы жылғы тамыз конференциясында айтылған еді. Бұл – келесі жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға өседі деген сөз. Яғни, білімді ұрпақты оқытатын мұғалімдер еңбегінің бағаландығы деп білеміз.

                                                                                                     Светлана Исаева,

№ 28 IT мектеп-лицейінің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK