Тілдің тұғыры – ұлттың ғұмыры

155
Дереккөз

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек»  –  деп айтты.

Мемлекет басшысының бұл пікірін толықтай қолдаймыз. Себебі, ұлттық мәдениеттің өзегі – ұлттық тіл.  Мемлекеттік тіл ұлтаралық қарым-қатынас тіліне айналып, қоғамдық өмірдің  барлық салаларында қолданыс тапса, онда ол өзінің  шынайы, биік тұғырына шығары сөзсіз. Тілдің тағдыры – елдің тағдыры, тілдің тұғыры – ұлттың ғұмыры. Сондықтан, тілімізге деген құрмет пен ұлтымызға деген сүйіспеншілікті өзімізден бастап қана қоймай, өзге этнос өкілдерінің де  мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттырып, «Тіл» оқу-әдістемелік орталығында мемлекеттік тілді тегін оқыту курстарына жұмылдыру керек.

Айдар Башбаев, Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK