Бүгінде еліміздің әр аймағында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы  жалғасуда. Осыған дейін аталған игі бастама  аясында Алматы облысы аумағындағы тұрмысында қиыншылығы бар көпбалалы және жетім-жесір, мүкіндігі шектеулі жандардан 100-ден астам адам баспаналы болған.

Алла сауапқа жазсын! Жақында 123-ші баспананың кілті Талдықорған өңірі, Көксу ауданы, Жарлыөзек ауылының тұрғыны Зәуреш Ақбергеноваға табыс етілді. Осыдан жарты жыл бұрын Зәуреш Төлеутайқызының жары қайтыс болып, 3 баламен жесір қалады. Тағдырдың жазуымен арқасүйер отағасынан айырылып үйсіз-күйсіз қалған жесір ана мен жетім балаларға «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында баспаналы болу нәсібі бұйырыпты. Көксу ауданының бас имамы Еділбек қажының, және ауыл имамы Едіге, аудандық «Зекет қорының» өкілі Бақыттың ұйытқы болуында жалпы жамағат ол отбасына қол ұшын беріп, тиісті көмек көрсеткен. «Көп түкірсе көл» деген. Көп өтпей аймақтағы қор жетекшілері мен имамдар мұқтаж отбасына жиналған  қаражатқа ауыл орталығынан бір үй сатып алып беріп, газ және басқа да жабдықтармен қамтамасыз еткен.

Игі бастама бұдан былай да жалғасын табады.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK