Бірінші қыркүйек – білім күні. Сыңғырлаған алғашқы қоңырау үні аясында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Талдықорған қаласындағы №28 орта ІТ лицейіне арнайы ат басын тіреп, барша жасөпірімдерді жаңа оқу жылымен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

Жиналған оқушы, оқытушылар алдында сөз алған Амандық Ғаббасұлы «Бүгін ұлан-ғайыр қазақ даласында сан мыңдаған оқушы алтын ұя ана мектебімен қайта қауышуда. Әсірсе мектеп табалдырығын тұңғыш аттап отырған балдырғандар мен олардың ата-аналарының қуанышында шек жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде сапалы білім – жетістікке жетудің жолы әрі экономиканы дамытудың басты құралы екендігін айрықша атап көрсеткен болатын. Соған сай, бүгінде еліміздің білім саласында бар мүмкіндіктер қарастырылған. Дәл қазір жер жәннаты   Жетісу өңіріндегі 760 білім шаңырағының табалдырығын 404 мыңнан аса оқушы аттады. Бұл өткен жылғы оқушы санымен салыстырғанда 14 мыңға жоғары. Соның ішінде 49 мыңнан астам бүлдіршін бірінші сыныпқа қабылданды. Міне, бұл жыл сайынғы аймағымыздағы халық санының еселеп артып бара жатқанын айқын аңғартады. Сондықтан да облыс орталығы Талдықорған қаласына әлі талай жаңа мектептер салынып, шаһар аумағы өсіп-өркендей беретін болады. Еліміз аман, жеріміз тыныш, барлық жасөспірімдердің жаңа оқу жылы табысты болсын!»-деді.

 

Шара соңы ата-аналардың ақ тілектері мен өнерлі оқушылардың концерттік бағдарламасына ұласты.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK