Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығы ашылды

134
Фото авторы А.Нұршанов

Конституция күні қарсаңында «Болашақ» шағын ауданында орналасқан 16 қабатты тұрғын үйлердің бірінші қабатында орналасқан  алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығы салтанатты түрде ашылды.

Фото авторы А.Нұршанов

Жалпы, 16 мыңнан астам адамға қызмет көрсетуге арналған мекеме күніне 320  науқасты қабылдай алады. Орталықта ультрадыбысты, функционалды зерттеулер мен физиотерапия сынды қазіргі стандарттарға сәйкес зерттеулер жасалады.

Фото авторы А.Нұршанов

Ашылу салтанатына қатысқан Талдықорған қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов: «Елбасының қолдауымен медицина саласына үлкен көңіл бөлінуде. Елорда күні аясында облыс басшысы Амандық Баталов 6-шы шағын ауданда бой көтерген  көпқабатты үш пәтердің  кілтін  200-ден астам тұрғынға  табыстаған болатын. Ал, енді бүгін медицина орталығының ашылуына куә болып отырмыз. Мұнда  жоғары білімді дәрігерлер қызмет етеді. Соңғы үлгідегі медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген»-деді. Медициналық нысан балалар мен ересектерді профилактикалық, скринингтік тексеру, иммунопрофилактика, амбулаторлық дәрімен қамтамасыз ету, негізгі созылмалы сырқат иелерін диспансерлеу сынды қызмет түрлерін көрсетеді.

Фото авторы А.Нұршанов

Бөлім меңгерушісі Ерасыл Еділханұлы «Аталмыш орталық Талдықорған қалалық емханасының бөлімшесі болып табылады. Жалпы тәжірибелі дәрігерлеріміз, сондай-ақ, невропотолог, кардиолог, акушер-гинеколог, травмотолог, хирург, эндокринолог, офтальмологтар бар»-деп атап өтті. Айта кетейік,  қажетті ем қабылдау бағытына egov.kz порталы және мобильді қосымша арқылы тіркелуге болады.

Фото авторы А.Нұршанов
Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK