Жыл сайынғы дәстүр бойынша әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы биыл да өз жалғасын тапты.

Ағымдағы жылдың 27 тамызында Өтенай ауылдық округі бойынша аз қамтылған, көпбалалы отбасыларынан шыққан балаларға көмек көрсетілді.

Республикалық қайырымдылық акцияға округте орналасқан «Когер LTD» және «Қазақ өсімдік және егіншілік ғылыми зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері,

«Мини маркет», «Әнуар», «Адина» «Хенбок», «Аймарал», «Әсия», және «Айзере» дүкендері; Шаруа қожалық басшылары: А.Өскенбаев, Т.Сапи, А.Абдеев, Ш.Өскенбаев, Қ.Нұрмұхаметов, М.Қыдыркешов, А.Досымбекұлы, Д.Сайлаубаев, сонымен қатар жеке кәсіпкерлер:

Е.Изатов, Ж.Саяси, Б.Саяси, М.Берикова, Б.Ким, С.Цой, Каунов, К.Шин, М.Тарасенко А.Копанов өз үлестерін қосты.

Жиналған қаражатқа 4 оқушыға мектеп формасы мен спорттық киімдер, кеңсе тауарлары мен басқа да қажетті оқу құралдары сатып алынды. Сонымен бірге 40 балаға сөмке мен сабаққа қажетті оқу құралдарын тарту етті. Балалардың ата-аналары демеушілік көрсеткен басшыларға шығармашылық табыс тілеп, алғыстарын білдірді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK