Мұғалім мәртебесі, оның жалақысы, ұлттық тәрбие, үш тілділік бәрі бір күнде шешіле салатын мәселе емес. Соны ескеріп Тамыз конференциясына Мемлекет басшысы қатысып, біраз ойын айтты. Мені риза еткені Абайдан, Мағжаннан келтірілген мысалдар. Сапалы білім, ұлттық тәрбиемен сусындаған ұрпақ қана жұрттың қамын жейді. Осыларды айтып келіп, қуанышты жаңалықтарымен де бөлісті. Еңбекақысы екі еселенетін ұстаздар қауымының төбесі көкке жеткен болар. Енді мектеп қабырғасына жастар жиылып, әсіресе ер мұғалім көбейетініне шүбә жоқ.

Мәулен Әнербай,

Алматы облыстық «Жетісу» газетінің тілшісі.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK