Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті «Алтынкөл» бекетінің «Қалжат» өткізу пунктінде 2019 жылдың 7 тамызында бекет мамандары автокөлік құралдарын кедендік бақылаудан өткізу кезінде екі жүк алушыда жүктің салмағы бойынша айырмашылықты анықтады.

«Алтынкөл» кеден бекеті басшысының орынбасары Д. Жұмановтың хабарлауынша, «М» ЖШС жүк алушының «Камаз» автокөлігін кедендік тексеру нәтижесінде 3,3 тонна жүктің жалпы салмағы бойынша алшақтықты анықтады. «Қазақстан Республикасындағы Кедендік реттеу туралы» ҚР Кодексінің 150-бабының 3-тармағының 7-тармақшасына сәйкес бюджетке салықтар мен кедендік төлемдер 706 280 теңге сомасында қосымша есептелген.

«Volvo» маркалы төрт жүк автокөлігі бойынша «Т» ЖШС жүк алушысында жүктің жалпы салмағы бойынша 11,4 тоннаға алшақтық анықталды. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушының тауар салмағындағы анықталған алшақтықтар бойынша бюджетке қосымша есептеу 6 080 800 теңгені құрады.

Бюджетке барлығы 6 787 080 теңгені құрады.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK