Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Тамыз конференциясында мектеп бағдарламасынан алынып тасталған әліппе 2021 жылы қайта енгізілетінін айтты, — деп хабарлайды Ernur.kz ақпараттық порталына сілтеме жасаған taldykorgan-online.kz

«Әліппе мәселесін көптен бері ұстаздарымыз, ата-аналар көтеріп жүр. Бұл мәселе маңызды. Біз әліппені қайтару керек деп есептейміз. Ол 2021 жылы өздеріңізге жақсы таныс қазақ тіліне бейімделген Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде енгізіледі. Біз қазір осыған байланысты жұмыс жүргізіп жатырмыз», — деді Аймағамбетов.

Министр әліппенің бірнеше нұсқасы қарастырылғанын, алайда баспалардың «қисынсыз» нұсқаларынан соң Байтұрсыновтың әдістемесіне тоқталғанын айтты.

«Бір баспа 11 дауыссыз, 11 дауысты дыбыс бар әліппені әкеледі. Енді бір баспа 4 дауыссыз, 4 дауысты дыбыс бар әліппені ұсынады. Неге олай екенін сұрағанда ешкім нақты жауап бере алмайды. Әліппе эксперимент жасайтын нәрсе емес. Нақты қазақ тіліне бейімделген әдістеме бар. Сондықтан ештеңені ойдан шығармай осы әдістеме негізінде жұмыс жүргіземіз», — деді министр.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK