Екі аяғы жоқ 11 жастағы Әли Тұрғанбеков УЕФА Суперкубогі үшін өткен «Ливерпуль» — «Челси» матчіне қатысты. Мүмкіндігі шектеулі қазақ баласы марапаттау шарасында жеңімпаз командаға бас жүлдені табыстады, — деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. сайтына сілтеме жасаған taldykorgan-online.kz

УЕФА-ның Instagram желісіндегі ресми парақшасында Әлидің жұлдызды ойыншылардың қасында тұрғанын байқауға болады. Фотоларға сәйкес, қазақ баласы ойыннан кейінгі марапаттау шарасына қатысқан.

Желіде тарап кеткен видеоға сүйене отырып, Әли УЕФА басшысы Александр Чеферинмен бірге Супекубокті табыстағанын айтуға болады.

Алайда, «Ливерпуль» капитаны Джордан Хендерсон жүлдені біраз уақытқа қазақ баласына қайтарып, көпшілікті тәнті етті. Футболшының бұл қылығы ел қошеметіне ие болған.

Айта кетейік, кеше түнде «Ливерпуль» мен «Челси» өзара УЕФА Суперкубогының иегерін анықтады. Стамбұлда өткен кездесу 2:2 есебімен аяқталып, пенальти сериясында «қызылдар» алға шықты.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK