Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінің алғашқы ойынында елордалық «Астана» мальталық «Валетта» клубын 5:1 есебімен ұтты, — деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасаған taldykorgan-online.kz

Маңызды ойын Нұр-Сұлтандағы «Астана-арена» стадионында өтті. Елордалық клуб Мальтаның чемпиондары «Валеттаны» қабылдады. Алғашқы есеп ойынның 8 минутында ашылды.

Гол авторы болып «Астананың» жазғы трансферде сапына қосқан исландиялық жартылай қорғаушысы Сигурьонссон. Кейін Томасов, Логвиненко мергендігімен көзге түсіп, бірінші тайм 3:0 есебімен елордалық команданың жеңісімен аяқталды.

Ойынның екінші жартысында Сигурьонссон екінші голдың авторы атанды. Есеп 4:0 болып тұрғанда қонақтар сапынан Фонтанелла көзге түсіп, «Валетта» клубына үміт отын сыйлағандай болды. Алайда, елордалық команданың шабуылшысы Янга 80 минутта есепті 5:1 жеткізіп, матчтың нүктесін қойды.

Осылайша «Астана» клубы Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне бір табан жақындады.

Қарымта кездесу 15 тамыз күні Мальтада өтеді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK