Қазақстан Республикасы Парламентімен қаржы нарығын реттеу және дамыту, шағынқаржы іс-әрекеттері мен қолма-қол есеп айырысу бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу Заңы қабылданды. Бұл Заң бойынша Қазақстан Республикасы Кодексін қолданысқа енгізу туралы Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексін (Салық кодексін) жеке тұлғаларға салықтық рақымшылықты жүргізу көзделген туралы толықтырулар енгізілген.

Жеке тұлғалардың салықтық рақымшылық шеңберінде 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша дербес шотта есептелінген өсімпұл сомалары есептен шығарылады, сондай-ақ 2019 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңінде салық міндеттері бойынша туындаған бересі сомасына есептелген өсімпұл сомалары бересі сомалары төленген жағдайда есептен шығарылады.
Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер органдарымен салық органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде мәліметтері жоқ жеке тұлғалардың, дегенмен кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырумен байланысты он бес жылдан астам есептелінген салықтан қарызы бар жеке тұлғалардың салық берешегінің сомасы есептен шығарылады.

Көксу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK