Оқу жылына дайындық жоспарлы түрде жүргізілуде

65
Фото авторы А.Нұршанов

Ахмет Байтұрсынұлы «Адамға тіл, құлақ қандай керек болса, білім де сондай керек» деген еді.  «Бұл заман білекке емес, білімге сенетін заман». Мемлекеттің ертеңгі тағдырына жауапты жас ұрпақтың  сапалы білім алуы үшін елімізде түрлі мүмкіндіктер қарастырылуда. Қаламызда 2019-2020 оқу жылына дайындық жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде. Бұл жөнінде Талдықорған қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Саулеш Бақтыбаева мәлімдеді.

Дереккөз

                                                Бірыңғай мектеп формасы

-Жаңа оқу жылы қарсаңында орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығын негізге ала отырып, мектеп формаларының бірыңғай стандарттарын сақтау бойынша барлық мектептерде ата-аналар мен оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Бұл талаптар білім алушыларды сапалы мектеп формасымен қамтамасыз ету мақсатында әзірленгені белгілі. Сондай-ақ, білім берудің зайырлы сипатын іске асыруға және орта білім беру ұйымдары білім алушыларының арасында әлеуметтік, мүліктік және басқа да өзгешеліктердің белгілерін жоюға бағытталған. Мектеп формасы отандық тауар өндірушілердің жұмыстары. Атап айтар болсақ,  «Ажар» және «GLASMAN» фирмалары, «Сымбат» сән академиясы  ұсынады. Ата-аналар әлеуметтік жағдайларына қарай өзара келісіп, таңдайды. Қазіргі таңда мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілері ата-аналармен бірыңғай мектеп формасы бойынша тығыз қарым-қатынаста жұмыс жүргізуде. Осының нәтижесінде оқушылардың 80 %  мектеп формасымен қамтамасыз етілді. Білім бөлімі тарапынан жұмыстар әлі де жүргізілуде.

Фото авторы А.Нұршанов

                                    Оқулықпен толықтай қамтамасыз етіледі

-2019-2020 оқу  жылында Талдықорған  қаласының  мектеп оқушыларын оқулықпен қамтамасыз  ету үшін  298 млн. 613 мың теңге қаражат бөлінді. Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес бекітілген, пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың   тізімі бар. Осыған сәйкес  биылғы оқу жылына «Мектеп», «Атамұра», «Алматыкітап», «Арман ПВ», «Астанакітап» сынды 13 баспамен келісімшарт жасалды. Оқулықпен қамтамасыз ету 100 % көрсеткішті көрсетеді. Бұл жағынан ешқандай мәселе жоқ деп толығымен айтуға болады. Сонымен қатар шаhарымыздың оқушылары электронды оқулықты да пайдаланады. Елбасымыз «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі»-деп атап өткен болатын. Білім беру саласында жаңа оқыту технологияларын қолдану — заман талабы. Электронды оқулық оқыту процесін толығымен қадағалау — ақпараттық қабілетті дамыту. Бұл оқушылардың танымдық деңгейін, ойлау қабілетін арттырып, шығармашылық бағытта ізденуге септігін тигізеді. Бізде  барлық оқулықтардың электронды  нұсқасы бар, ол негізгі оқулықпен бірге жүретін СD дискі.  Яғни оқушының мектепте немесе үйде электронды оқулықты пайдалана алатын мүмкіндігі бар.

Фото авторы А.Нұршанов

 

                                «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы

-Дәстүрлі түрде өтетін жалпыреспубликалық «Мектепке жол» акциясы жыл сайын тамыз айында жұмысын бастайтын. Ал, ағымдағы жылы бір ай бұрын, яғни, 5 шілдеден бастау алды.  30-шы қыркүйекке дейін жалғасатын болады. Акцияның басты мақсаты — аз қамтылған және көпбалалы жанұяның, ата-ана қарауынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындықта қолдау көрсету. Өткен жылы акция аясында 2826 әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасының балаларына  көмек көрсетілді. Оның ішінде 1326 балаға демеушілер тарапынан, 1500 балаға бюджет қаражатынан. Биылғы жылы 2800-ден астам балаға көмек көрсетілу жоспарлануда. Бүгінгі таңда 110  бала мектепке қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етілді. Әдеттегідей нарықтағы бағадан төмен болатын «Мектепке жол» жәрмеңкесі өткізілуде.  Кез келген білім алушының жәрмеңке аясында  жаңа оқу жылының қарсаңында мектеп формасы мен кеңсе тауарларын  қолжетімді бағада алуына мүмкіндік мол болмақ. Осы орайда көмек көрсетемін дейтін жомарт жандарға  аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан балаларға қалалық акция аясында: киім, аяқ-киім, оқулықтар және т.б. оқу құрал-жабдықтарын алуға арналған арнайы  қабылдау орны ұйымдастырылатынын хабарлап өткім келеді. Олар «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ, «Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ, Еркін ауылдық округінің, Өтенай ауылдық округінің әкімшілігі және қала мектептерінде орналасқан. Анықтама телефондары 24-18-82, 24-72-23.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK