Асқат Қалиасқаров Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Шаһар басшысы Ғалымжан Әбдірайымов бүгін жаңа орынбасарын қала активіне таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Асқат Мейрамғалиұлы 1973 жылы Алматы облысы Сарқан ауданы Бақалы ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын қаржы және несие мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1996 жылы Сарқан ауданындағы «Мұқан» шаруа қожалығында есепші болып бастаған. 2001-2007 жылдары Сарқан ауданы бойынша салық комитетінде инспектор, бөлім басшысы қызметтерін атқарды. 2007-2009 жылдары «Достық» кеденінде қызметте болды. 2009-2010 жылдары Сарқан ауданы бойынша салық басқармасы бастығының орынбасары, 2010-2011 жылдары Ақсу ауданы бойынша салық басқармасының бастығы, ал 2011 жылдан осы уақытқа дейін Қаратал ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK