Талдықорғанда көгалдағы хоккейден Қазақстанның V жазғы Спартакиадасы өз мәресіне жетті, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Аталмыш додада ерлер арасында бас жүлдені Алматы облысының командасы иеленді. Екінші орынды – Қызылорда облысы, үздік үштікті — Алматы қаласының спортшылары түйіндеді.

Ал, қыздар арасындағы республикалық турнирде Қызылорда облысы топ жарды. Алматы облысы екінші орыннан көрінсе, Батыс Қазақстан облысынан келген спортшылар үшінші тұғырдан қол бұлғады.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK