Болгарияның София қаласында грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстандық «классик» Саматбек Ізімғали әлемдік біріншілікте «алтын» медаль иеленді деп хабарлайды Оlympic.kz сайтына сілтеме жасаған taldykorgan-online.kz

Әлемдік біріншіліктің финалында Саматбек Ізімғали 45 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық қарсыласы Асадбек Бахрамовтан басым түсті. Чемпионаттың қола жүлдесі грузиялық Тамази Глонти мен әзірбайжандық Фарид Садихлиге бұйырды.

Тағы да екі отандасымыз турнирде жүлделі болды. 48 келі салмақ дәрежесінде Ербол Камалиев пен 80 келі салмақта Мақсат Сайлау қола жүлдегер атанды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK