Геннадий Головкин әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекті ресми түрде алды. IBF қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен украиндық Сергей Деревянченкоға арнайы шақырту хатын жіберіп, оларға ұйымның титулы үшін болатын жекпе-жекті міндеттеді, — деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасаған taldykorgan-online.kz

5 тамыз күні IBF ресми түрде Головкин-Деревянченко жекпе-жегі туралы нақты шешім қабылдады. Бұл туралы белгілі америкалық бокс шолушысы Дэн Рафаэль өзінің Twitter парақшасында хабарлады.

«Дереккөздерге сәйкес, IBF дүйсенбі күні таңертең Деревянченко мен GGG арасындағы титулдық жекпе-жекті өткізуді міндеттеді», — деп жазды ол.

30 күн ішінде екі тарап кездесу туралы бір мәмілеге келу керек. Боксшылар жекпе-жектің болатын күні мен өтетін орнын анықтауы тиіс.

Бокс кеші төртінше немесе бесінші қазанда өтуі мүмкін деген болжам бар. Жекпе-жек Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарден» кешенінде өтуі мүмкін.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Сауль Альварес IBF чемпионы титулынан айырылған болатын. Енді, аталған белбеу үшін Деревянченко мен Головкин бақ сынаспақ.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK